"САРБАЗ ТІЛЕГІ" ТУҒАН КҮН ИЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

           Туған күн әр адамнның жыл сайын асыға күтетін мерекесі. Ол қуаныш пен шаттыққа толы күн. Жақындарыңнан ақ тілек естіп, ізгі ниеттердің білдірілетін күні. Ал, балдәурендегі туған күн тіптен ерекше. Себебі Қазақстанның әр аймағынан келген оқушылармен бірге туған күнді қарсы алудың өзі керемет сезім. Бір сәтте бірнеше балаға қуаныш сыйлау мақсатында 3-ауысым қатысушылары мен ұйымдастырушы-ұстаздар "Сарбаз тілегі" атты туған күн иелеріне арналған концерт ұйымдастырды. Кеш қызықты қойылыммен басталды. "Еріншектер елі" атты қойылымда Тәттібек, Ойынбек, Стэффани, Кесірбек Робби, Спортукус секілді кейіпкерлер кешті қызықты қылып өткізуге атсалысты. Сонымен қатар орталықта демалушылар арасындағы өнерлі ұл-қыздарымыз туған күн иелеріне арнап ән-биден шашу шашты. Кеш соңында кешен басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбек Ардақұлы туған күн иелерін "Балдәурен" атынан алғыс хатпен марапаттады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner