"ТУАДЫ ЕРЛЕР ЕЛ ҮШІН" АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕРЛІК САБАҒЫ

         «Туады ерлер ел үшін » деген қағиданы ұстана отырып,  тарихымызды тереңнен тану, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен және  тәуелсіздік  үшін  күрескен  боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу мақсатында бүгінгі таңда өмірін оқ пен оттың арасында өткізген ауған соғысы ардагерлеріне "Балдәурен" РОСО-да "Туады ерлер ел үшін"  атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. 

          Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Бұл майдан енді есейген бозбалаға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін білуге ұғындырды. Әрине, арада отыз бес жыл уақыт өтсе де отты жылдар салған жүректегі сызат әлі жазыла қойған жоқ. Кешке келген қонақтар балалардың сұрақтарына жауап беріп, сұрапыл сол жылдардың естеліктерімен бөлісті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner