"ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!" "НАУРЫЗ FEST" ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ

               Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген.

            Наурыз — қазақтың ұлттық мейрамы, төл мерекесі екеніне Алаш арыстары да қалам тербеген.
            Ахмет Байтұрсынұлы: «Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде һәр елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, қазан-қазан көже істеп, ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп, кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып, көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, құтты наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында һәр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілері тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады. Ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы болсын! Жаңа бақыт кәсіп болсын!» деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді».

            Орталығымыз да бұл мерекеде шеткері қалған жоқ. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында наурыз көже дайындалып, ұлттық ойындар ойнатылды.  "НАУРЫЗ FEST" іс-шарасы барлық топ арасында жарыс түрінде ұйымдастырылды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner