
"ҚЫЗДАР, ҚЫЗДАР, СҰЛУ ҚЫЗДАР" МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ
Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.
Орталығымыздағы 3-ауысым қатысушыларына құрмет көрсету мақсатында ұлдар қауымы мерекелік концерт қойды. Іс-шара барысында орталықтағы қатысушылар жайдарман ойындарын көрсетіп, жанды дауыста ән шырқады. Ару қыздарымыздың мерекелік көңіл-күйлері көтеріліп, өз алғыстарын жеткізді.

.jpeg)

.jpeg)









.png)