"ҚЫРАН ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАН" РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ПАТРИОТТЫҚ ХОР БАЙҚАУЫ

         1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР  Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. 25-қазан Республика күні болып жаряланды. Осыған орай "Балдәурен" РОСО "Қыран елім - Қазақстан" тақырыбында 25-қазан Республика күніне арналған патриоттық хор байқауы ұйымдастырылды. Байқау мақсаты: қатысушыларымызды ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Әр топ оқушылары патриоттық әндерді хормен айтып, көрермендердің рухын оятты.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner