"CHEERLEADING" СПОРТТЫҚ БИ БАЙҚАУЫ

Черлидинг – бұл физикалық дайындық деңгейі әртүрлі балаларға арналған, барлық жас тобына қолжетімді спорт түрі. Черлидинг – бұл эстетика, керемет фитнес, өмір стилі мен көшбасшылық қасиеттердің дамуы. Черлидингпен бәрі айналыса алады. Физикалық даму, құрдастармен араласу, тілектестік көзқарас шығармашылық бастамаларды, көшбасшылық қасиеттерді айқындауға, ұялшақтықты еңсеруге және жетістікке ұмтылуға көмектеседі! Черлидинг мыналарға ықпал етеді көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға; үйлесімді дамуға; командалық рухты қалыптастыру; өзара түсіністіккке. Черлидерлер қайта сап түзеуге, шеңбер құруға, шпагатқа отыруды үйренеді, ұрандар мен өлеңдер құрастырып үйренеді, актерлік шеберлік пен сөйлеу мәнеріне машықтанады. Орталығымызда 7-ауысым қатысушылары арасында "Cheerleading" спорттық би байқауы өткізілді. Бұл сайыс басқа сайыстардан ерекшелігі, ауысым қатысушылары жағажай бойында өз өнерлерін көрсетті.

 

 

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner