"ZHASTAR SHOW" ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ҰСТАЗДАРМЕН ТАНЫСУ КЕШІ

Балалар орталыққа келген уақыттан бастап балаларды қарсы алып, оларға қызықты демалыс сыйлауда «Жастар» педагогикалық тобы үлкен рөл атқарады. Балалардың қасында 24 сағат бойы болып, қамқорлық көрсететін жандар болғандықтан, «Жастар» тобы балалар есінде ұзақ уақытқа сақталып қалады. Демалыстың жақсы өтуі балалар мен ұйымдастырушы–ұстаздардың белсенді әрекеттеріне байланысты. «Жастар» тобымен танысу кешінде балалар ағай-апайларын жаңа қырынан көріп, қолдарынан келетін өнерлерімен таныс болады. Әр ауысым сайын ұйымдастырушы – ұстаздармен танысу кеші өте көңіл, қызықты, ерекше болып өткізіледі. Кеш кішігірім қойылыммен басталды, әрі қарай көңілді билер, ырғақты ән, ерекше өнерлермен жалғасты. Концерт барысында ұйымдастырушы–ұстаздардың сахнада беріліп ойнау, ал балалардың ағай – апайларын қолдауы бір – бірлеріне деген ықыластың белгісі болып табылады. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші қызықты да әсерлі өтті. 

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner