«Аңызға айналған тұлғалар» визитка қорғау кеші

              Ұлы тұлғалар – елдің тарихын қалыптастыратын айрықша жандар. Олардың өмірі мен ерліктері әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Аңызға айналған тұлғалар» визитка қорғау кеші қатысушыларды ұлы есімдердің тағылымымен жақынырақ таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

              Балалардың демалыс барысында көптеген байқау түрлері ұйымдастырылады. Сол байқаудың алғашқысы - визитка қорғау кеші, балалар топ болып өнер көрсетіп, сайысқа түседі. Визитка қорғау кешінің негізгі мақсаты балалар арасындағы арасындағы ұйымшылдықты, достықты нығайту, сахна мәдениетін үйрету және өнерге деген қызығушылығын арттыру. Визитка қорғау кешінде балалар сахнада амандасу, топтың аты, ұран, санамақ және топтың әнімен таныстырулары тиіс. Қосымша ретінде киім үлгісі, шығу, сахнада орналасу мен ерекшеліктері ескеріледі. Әділ – қазылар алқалары басты назарды топтың бірегейлігіне, ерекшелігіне, сөздің мағынасына, кретивтілікке басты назар аударып, жеңімпаздарды анықтайды. Жеңген топ мадақтама және кубокпен марапатталса, ұйымдастырушы – ұстаздар медальмен марапатталатын болады. Визитка қорғау кеші алғашқы сайыс болғаннан кейін балалардың ойында ұзақ уақыт сақталатын болады, соған байланысты көп дайындық пен идеялар ойластырылады. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner