«Балдәурен» республикалық орталығының оқушылары 32363 әскери бөлімінде ашық есік күнінде болды.

            Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің уағдаластығы бойынша Қарулы күштер әскери қызметшілерінің балаларына Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында және оның Балқаш, Түркістан және Щучинск қалаларындағы филиалдарында демалу үшін мыңнан астам квота бөлінді.

         Ведомстволар арасындағы бірлескен жоспар әскери-патриоттық мазмұндағы іс-шараларды өткізуді көздейді. Осы орайда Қонаев гарнизонының 32363 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті. Десантшыларда 300-ге тарта бала қонақта болды, олардың ішінде 32 бала – Ақтөбе гарнизоны әскери қызметшілерінің балалары.

         Оқушылар әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен және күнделікті өмірімен танысты. Оларға қару-жарақ пен әскери техниканың, атыс және топтық қарудың, байланыс құралдарының және арнайы десанттық жабдықтардың заманауи үлгілері көрсетілді. 

         Жеткіншектер әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығын бақылады, оларға қоян-қолтық ұрыс техникасы мен өзін-өзі қорғау әдістерін көрсетті. Балаларға жердегі секіру алдындағы дайындық курсынан өтуге арналған әуе-десанттық кешені таныстырылды. Одан бөлек әскери қызметшілер балаларға саптық дайындық бойынша сабақтар өткізді. 

           – «Балдәуренде» демалып жатқаныма үшінші апта. Бүгінгі күн ерекше. Біз нағыз десантшылардың қалай қызмет ететінін және не істейтінін көрдік. Әсіресе әскери техниканы көргеніміз қызық болды, – деді Ақтөбе қаласының № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әлішер Османов. 

           «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қапшағай су қоймасының жағасындағы курорттық аймақта орналасқан. Орталық директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбек Ардақұлы атап өткендей, мекеме балалардың бос уақытын және оқуын ұйымдастыру үшін айтарлықтай мүмкіндіктерге ие, ал Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерімен ынтымақтастық жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу тұрғысынан бұл мүмкіндіктерді едәуір кеңейтті.

https://kazgazeta.kz/news/147953

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner