
«Білім кемесінде» мектеп презентациясы
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» (Ы.Алтынсарин). Өмірге деген көзқарасты түп-тамырымен өзгертіп жіберетін де ұстаздар кездеседі өмірде. Бұл қандай күш дейсіз ғой?! Ол – ұстаздың жан-жақты білімі және оны оқушының санасына ғана емес, жүрегіне де жеткізе алатын қабілеті. 6-ауысым қатысушыларына орталығымыздағы білім бөлімі "Білім кемесінде" атты тақырыпта мектеп презентациясын өткізді. Шара барысында оқушыларды мектеп ұжымымен, мұғалімдермен, кешен қызметкерлерімен таныстырып, сыныптарға бөлді. Әр сынып жетекшілеріөздерінің сынптарымен бірге алғашқы сынып сағаттарын өткізіп, оқушыларға мектеп ережелерімен таныстырып, мектепте өткізілетін іс-шараларға шолу жасалды. Алдағы 21 күнде оқушыларымыз ьілім нәрімен сусындап қана қоймай, өздеріне керемет естеліктер жинайды деген үміттеміз.

.jpeg)








.png)