“ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН…”
              Жыл сайын 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні атап өтіледі. Оған қол жеткізу оңай болған жоқ, көптеген адамдар еліміздің болашағы үшін күресте жанын пида етті. Сондықтан, ата-бабаларымызбен мақтануға тиіспіз, өйткені олардың арқасында, біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазір біздің мемлекетіміз еркін ғана емес, сонымен қатар демократиялық.
                  "Балдәурен" орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне  «Елім менің аңсаған…» атты   мерекелік концерт өткізді. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырға, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білу, патриоттық сезімге, сахналық   мәдениетке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бүл шара оқушылар бойынан патриоттық рухты көтерді.
               Концертте «Шолпан» би ансамблі, «New stars» тобы және де басқа оқушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Концертке 83  оқушы қатысты.
 
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner