«Жаңа жыл – Жаңа тарих» жас таланттар аймағы» атты

2023 жылғы 16 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(04.12.-23.12.2023 ж.)

 

ҚР ОАМ бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 04-желтоқсан мен 23 - желтоқсан аралығында «Жаңа жыл – Жаңа тарих» жас таланттар аймағы» атты 16 - ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары: халықаралық, республикалық, облыстық сайыстар мен фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары, жас әнші, биші, ақындар және шығармашылық ұжымдар.

 

Ауысымның мақсаты: ауысым қатысушыларының шығармашылық бастамасын көрсетуі үшін жағдай жасау, сахна мәдениетімен олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру.

 

Міндеттері:

 

  • Қазақстандық патриотизм, өз елін үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, зияткерлік әлеуетін дамыту;
  • балалардың шығармашылықтарын өзін-өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау, табысқа жету жолында еңбекке деген талпынысын қалыптастыру, мерекелік атмосфера құру;
  •  сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажеттi жағдай жасау арқылы салауатты өмiр салты дағдыларын қалыптастыру.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. «Мектеп - білім ордасы» мектеп презентациясы;
  2. 2023 жылғы 16-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  3. 2023 жылғы 16-ауысымның ашылу салтанаты;
  4. «Жаңа жыл – Жаңа тарих» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. «New Zhastar» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  6. «Талант шоу» шығармашылық байқауы;
  7. «Жыл мерекелері» бекет бойынша ойын;
  8. «Шебер қолдар» экономикалық ойыны;
  9. «Қазақстан - болашақ бейнесі» ТеdX конференциясы;
  10.  «New year fest» пародия байқауы;
  11. «Happy birthday,Baldauren» Балдәурен 21 жылдығына және Балдәурендік жас достардың туған күніне арналған мерекелік концерті;
  12. «Елім менің аңсаған...» Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерті;
  13. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  14. «Тәуелсіз ел ұланымыз» патриоттық әндер байқауы;
  15. «Happy New Year 2024» жаңа жылдық шырша;
  16. 2023  жылғы 16 – ауысымның жабылу салтанаты;
  17. «Жылдың соңғы концерті» гала-концерт.

 

 

2023 жылдың 16-ауысымының салтанатты ашылуы 06 желтоқсан күні сағат 18:30-да.

2023 жылдың 16-ауысымының салтанатты жабылуы 21 желтоқсан күні сағат 18:00-де.

 

 

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner