
«Жылдың соңғы концерті» гала-концерт
Әр ауысымның ең соңғы нүктесін гала-концерт қояды. Бұл шарада 20 күн аралықта белсенділік танытып, өнерлерін көрсете білген және қызығушылықтар үйірмесіне қатысып нәтиже шығарған оқушылар сахнада өнер көрсетеді. Сонымен қатар ауысымның соңғы #BalDisco би кеші ұйымдастырылады.
16-ауысым «Жылдың соңғы концерті» атымен гала-концерт өткізілді. "Балбырауын" күйімен 9-топ дем алушысы - Сайлаубек Елхан өз өнерін көрсетті. Әсем әндерімен Төлегенов Сұлтан, Жақай Еркеназ, Ибрахим Бексултан, Балтабай Даниял көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Сонымен қатар "Таңшолпан" би ансамблі, "Еркеназ" би ансамблін, "Балауса" би ансамблі және корей биімен Алиханова Анель мың бұрала тамаша билерін көрсетті.










.png)