«Маска»  музыкалық шоу байқауы

Әлемге әйгілі «Маска» музыкалық шоуы "Балдәурен" орталығында өткізілді. Құпия сыр мен интрига өрбіген жоба қатысушылар мен көрермендердің көңілін көтерді. Дүние жүзінің 50-ден астам елінде танымал болған «Маска» музыкалық шоуы ерекше форматта ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі. 

Айта кетейік, жобада 10 қатысушы бақтарын сынады. Әрқайсысы әртүрлі кейіпкерлер мен жануарлардың маскаларында өнер көрсетеді. Шоуға қатысушылар Доңыз, Түйе, Лунтик, Барыс, Тышқан, Үйрек, Жолбарыс, Зебра  киім үлгілерінде болды. Күмән мен күдікке бой алдырып, таңырқау пен таң қалудан жалықпайтын әділқазы алқалары масканың астында кімнің жасырынып тұрғанын табу керек. Бір қызығы, қатысушылардың қатарында тек қана оқушылар ғана емес, орталық қызметкерлері мен ұйымдастырушы-ұстаздар бар. Бірақ оларды тану өте қиын, өйткені қатысушылардың жүздері  маскалармен жасырылған. 

Жұптасып өнер көрсетеін қатысушыларды егерде әділқазы алқалары танып, тауып жатса, олар байқаудан шығарылады. Ал, өзінің кім екенін ешкімге танытпай, құпия жасырған қатысушылар жеңімпаз аталынды. Олар 3-топ ұйымдастырушы-ұстазы - Боранбай Алишер,  6-топ ұйымдастырушы-ұстазы - Тлеков Алишер, ауысым командирі - Жанасыл және 4-топ ұйымдастырушы-ұстазы - Жұмагалие Ғани.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner