«Оқуға құштар – Балдәурен»


«Оқуға құштар – Балдәурен» жобасы аясында «Тіл – достықтың мекені» атты сахналық көрініс байқауы кіші топтар мен үлкен топтар арасында ұйымдастырылды.

 Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қойылым дайындау;
  • Балалардың арасында оқуға қызығушылықты қолдау және дамыту;
  • Жеке тұлғаны белсендіру арқылы балалардың оқу белсенділігін ынталандыру;
  • Балаларды өз бетінше әдеби шығармашылық үдерісіне баулу арқылы  әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Орталығымыздың қатысушылары бірінен-бірі өткен талантты екенін көрсете білді. Жан-жақтан келген жастарымыз актерлық шеберліктерінің жоғары деңгейін көрерменге ұсынды. "Күлше қыз". "Алиса ғажайыптар елінде" ертегілерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сахналанды.

Жүлделі орындарды иеленген сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner