
«Рақымжан - Жеңіс сарбазы» визитка қорғау кеші
Балалардың демалыс барысында көптеген байқау түрлері ұйымдастырылады. Сол байқаудың алғашқысы - визитка қорғау кеші, балалар топ болып өнер көрсетіп, сайысқа түседі. Визитка қорғау кешінің негізгі мақсаты балалар арасындағы арасындағы ұйымшылдықты, достықты нығайту, сахна мәдениетін үйрету және өнерге деген қызығушылығын арттыру. Визитка қорғау кешінде балалар сахнада амандасу, топтың аты, ұран, санамақ және топтың әнімен таныстырулары тиіс. Қосымша ретінде киім үлгісі, шығу, сахнада орналасу мен ерекшеліктері ескеріледі. Әділ – қазылар алқалары басты назарды топтың бірегейлігіне, ерекшелігіне, сөздің мағынасына, кретивтілікке басты назар аударып, жеңімпаздарды анықтайды. Жеңген топ мадақтама және кубокпен марапатталса, ұйымдастырушы – ұстаздар медальмен марапатталатын болады. Визитка қорғау кеші алғашқы сайыс болғаннан кейін балалардың ойында ұзақ уақыт сақталатын болады, соған байланысты көп дайындық пен идеялар ойластырылады. Дайындық барысындағы қызықты оқиғалар да балалар үшін көңілді естелік. 6- ауысымның жеңімпаздары үлкен топтар арасында 2-топ, ұйымдастырушы – ұстазы Тлеков Алишер, кіші топтар арасында 1-топ, ұйымдастырушы – ұстазы Ерланұлы Оңғар. Байқау өте қызықты әрі әсерлі болды, балаларға қатты ұнады.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)








.png)