«Сам себе режиссер»       қысқаметражды       фильм байқауы

          Қысқаметражды фильмдер -  қысқа тақырыптарға негізделген, 1920-шы жылдардан 1970-ші жылдарға дейін 35 мм немесе одан аз екі катушкамен шектелгенде үш-төрт роликті фильм түрлері. Бір ғажабы, қысқаметражды фильмдерді қалың аудитория жиі бағаламайды. Бірақ олардың көпшілігі толық метражды фильмдерге қарағанда әлдеқайда көп мағынаға ие. Көбінесе 10 минуттық фильм екі сағаттық туындыдан гөрі көрерменнің жан дүниесінің терең иірімдерін қозғай алады. Қандай шығармаларды жақсы қысқаметражды фильмдер деп атауға болады?

          "Балдәурен" орталығында 5-ауысым қатысушылары арасында қысқаметражды фильмдер байқауы өткізілді. Еркін тақырыпта түсірілген, әртүрлі мағынаға ие оқушылардың жұмыстары барша қатысушылар назарына ұсынылды. Шығармашылық пен креативті ұштастыра білетін бүгінгі күннің жастары фильмдерін бір-біріне ұқсамастай өзгеше, әрі әсерлі түсірген.

          Байқау барысында "Оян, қазақ!", "Ана", "Рокки", "Рекетир" сынды фильмдер көрермендер мен әділқазылардың оң бағаларын алды. Ал байқау жеңімпаздары 8-топтың "Қуғын-сүргін құрбандары" және 6-топтың "Менің атым - Қожа" сынды туындылар танылды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner