
«Тәуелсіз елдің патриоты» жас патриоттардың бас қосуы атты
2024 жылғы 12 - ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
ҚР ОАМ бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 27-қыркүйек мен 17-қазан аралығында «Тәуелсіз елдің патриоты» жас патриоттардың бас қосуы атты 12-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: мектеп парламентінің, мектептің өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық жұмыстардың белсенділері, ҚР-ҚК әскери қызметкерлерімен қызметшілерінің балалары.
Ауысымның мақсаты: жас патриоттардың елімізге деген сүйіспеншілігін және ұлттық мақтанышын қалыптастыру,еліміздің тарихы, мәдениеті, туралы білімді кеңейту.
Міндеттері:
- Ауысым қатысушыларының бойында ар-намыс құндылығын, көшбасшылық қасиетін жетілдіру;
- сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау;
- балалардың бойына ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу сезімін қалыптастыру.
Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
- «Біріксек біз алынбайтын қамалмыз» бекет бойынша Team Building;
- «Танысайық,достасайық!» қызықты танысу кеші;
- 2024 жылғы 12-ауысым «Балдәурен»РОСО командирлігіне үміткерлермен танысу;
- 2024 жылғы 12-ауысымның ашылу салтанаты;
- «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
- «Hobby groups» презентациясы;
- «The stars of Zhastar!» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
- «Қарттарым-асыл қазынам!» қарттар күніне орай қарттармен кездесу
- «Патриот болу парызыңыз!» топ визиткасын қорғау кеші;
- «Қарттарым-асыл қазынам!» даналық сабақ
- «Sound.stop.Save» дауыстық әрекет жасау байқауы;
- «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
- «Спорт Time» спорттық интелектуалдық сайысы;
- «It’s our birthday!» туылған күн иелеріне мерекелік концерт;
- «Ынтымағы жарасқан!» ұлттар фестивалі
- «IQ battle» интеллектуалды ойыны
- «Мұғалім» спектаклі
- «Балдәурен көпұлтты» спорттық зияткерлік ойыны
- «Патриот болу-арманым» патриоттық әндер байқауы
- «Knowledge stage» бекет бойынша ойыны
- 2024 жылдың 12 - ауысымының жабылу салтанаты;
- «#BaldaurenZhyrekte!» гала-концерт;
2024 жылдың 12-ауысымының салтанатты ашылуы 29 қыркүйек күні сағат 16:30-де.
2024 жылдың 12-ауысымының салтанатты жабылуы 15 қазан күні сағат 17:00-да.
Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО
Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50
Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru







.png)