«Ынтымағы жарасқан» көпұлттар би фестивалі

       Қазақстан халықтарының тілі мен діні әртүрлі болғанымен, тілегі бір, мақсаты ортақ. Дамудың даңғыл жолына түскен мемлекетіміздің басты құндылығы - бейбіт өмір мен тыныштықтың баянды болуын тілейді. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан сан алуан этнос өкілдері бүгін мерейлі мерекеде жері гүлденген, елі түрленген Қазақстанның мәртебесін асқақтатты. Барлық өңірлерде  бұл мереке тойланады.

        Бұл мерекеде біздің орталығымыз да құр қалмады. Ұлттар достығының бірлігін насихаттау мақсатында орталығымызда би фестивалі ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада әрбір топ әртүрлі ұлттардың биін көрсету арқылы, олардың ұлттық құндылықтарын насихаттап, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.

         Еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштық сан ұлт пен ұлыстың тарихи тамырластығын, жарасымды ынтымағын айғақтайды. Ал, бірлігі жарасқан елдің тірлігі де төрге озады, әрине. Мерейлі мереке тағы да құтты болсын!

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner