«Қорғаушы - мақтанарлық атақ!» жас қолбасшылар ауысымы» атты

2024 жылғы 3 - ауысымның

 

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(26.02.-17.03.2024 ж.)

 

ҚР ОАМ бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 26 - ақпан мен 17 - наурыз аралығында «Қорғаушы - мақтанарлық атақ!» жас қолбасшылар ауысымы» атты 3 - ауысымын өткізеді.

 

Ауысым қатысушылары: «Алау» және «Айбын» байқауларының жеңімпаздары мен қатысушылары, үздік мектеп командирлері, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

 

Ауысымның мақсаты: жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбиесін жандандыру және жетілдіру, оқушылардың бойында жоғары патриоттық тәрбиені, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру.

 

Міндеттері:

 

  • азаматтық сана мен адами қадір-қасиетті, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
  • өскелең ұрпақтың рухани бірлігін қамтамасыз ету, өз халқының мәдениеті мен тарихын құрметтеу;
  • жеке бостандық ойлары, адам құқықтары мен оның азаматтық жауапкершілігі арасындағы өзара байланысты терең түсінуге баулу.

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1. «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
  2. Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО командирлігіне үміткерлермен танысу;
  3. 2024 жылғы 3-ауысымның ашылу салтанаты;
  4. «#ZhastarVibe» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  5. «Қорғаушы - мақтанарлық атақ!»  топ визиткасын қорғау кеші;
  6. «Батыл сарбаздары» бекет бойынша әскери-спорттық сайысы;
  7. «Сарбаз тапқырлығы» интеллектуалды ойыны;
  8. «Жеңіс сарбазы» әскери әндердің сахналық қойылым байқауы;
  9. «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» мерекелік концерт;
  10. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  11. «Сарбаздар тілегі...» туған күн иелеріне арналған концерт;
  12. «Ел ертеңі - білімді жастар»  READх жобасы;
  13. «Әлем әуені» музыкалық ойын байқауы;
  14. 2024  жылғы 3 – ауысымның жабылу салтанаты;
  15. «Алтын ұя - Балдәурен» гала-концерт.

 

 

 

 

 

2024 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 28 ақпан күні сағат 18:15-те.

2024 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 15 наурыз күні сағат 17:00-де.

 

 

 

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner