«HELLO BALDAUREN!» 1-ауысым қатысушыларын қарсы алу.

"Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығы 2024 жылдың 1-ауысымын сәтті бастады. Биылғы жылдың алғашқы ауысымы «Ұлттық ұлан – ел мен халқына қорған!» Ұлттық ұлан күніне арнаған республикалық жиын тақырыбында болады. 

 

Ауысым қатысушылары: Республикалық, облыстық, аудандық «Жас сарбаз» және жалпы орта білім беретін мектеп, мектеп-лицей, мектеп-гимназияларындағы, әскери-патриоттық клубтары мен кадет сыныптары.

 

Ауысымның мақсаты Әскери-патриоттық клубтар мен кадет сыныптарындағы оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, патриоттық рухты бойларына сіңіру.

 

Міндеттері:

- оқушыларға  әскери қызмет жайлы ақпарат беру;

- патриоттық тәрбиені нығайту;

- отан сүйгіштікке баулу.      


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner