
«IQ battle» интеллектуалды ойыны
2024 жылдың 12-ауысымы аясында "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында ерекше іс-шара өткізілді. Оқушылар мен ұстаздардың басын қосқан бұл іс-шарада, инеллектуалды сұрақтар мен логикалық есептерден құралған тапсырмалар орындатылды. «IQ battle» интеллектуалды ойыны жастар арасында қазіргі таңда "Қазақша квиз" атымен танымал. Бұл заман талабына сай жас ұрпақтың жан-жақты дамуы мен олардың өз білімдерін сынға салуларына таптырмас сайыс. 12 топ берілген тапсырмаларды әр кезең бойынша орындап, қазылар алқасына береді. Ең көп ұпай жинаған топтар келесі кезеңге өткізілді. 4-кезеңнен оза шапқан шын мықтылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.














.png)