2025 жылдың басында «Zhana Zhastar» жобасы аясында ұйымдастырылған ұстаздармен танысу кеші ерекше оқиғаға айналды. Бұл кеш жаңа бастамалар мен ынтымақтастықтың, шығармашылыққа деген құрметтің жарқын көрінісі болды. Іс-шараның мақсаты – ұстаздар қауымын бір ортаға жинап, олардың арасындағы байланыс пен кәсіби ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ жаңа жобалар мен идеялармен таныстыру болды.
«Zhana Zhastar» жобасының негізі жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, оларды қоғамдағы маңызды мәселелерге тарту болса, ұстаздармен танысу кеші осы мақсатқа жетудің алғашқы қадамы болып табылады. Кеш барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, білім саласындағы жаңа үрдістер мен әдістер туралы пікірлерін бөлісті. Сонымен қатар, жастарға бағыт-бағдар беру, олардың кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жоспарлар мен бастамалар ұсынылды. Кеш барысында «Zhana Zhastar» жобасының ұйымдастырушылары ұстаздармен танысады.