Құрметті “Балдәурендікттер” сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. 13.09.2023 жылы Педагогика,бизнес және құқық институтының директоры экономика ғылымдарының докторы ,профессор Нурлихина Гульмира  Болатовна, Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының бастығы ,заң ғылымдарының магистрі Мукушева Гульнар Кызайбаевна, Білім алушылар контигентін қалыптастыру орталығының директорының орынбасары Бирталиев Ерлан Қадірұлы және Қонаев қаласы “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығының кешен басшысы Хаджимуханова Жарқынай Биболатовнамен екі жақты меморандумға қол қойылды. 

«Білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету жане білім беру жүйесіндегі менеджментті жетілдіру орталығымыздың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам», - деп атап өтті кешен басшысы


Меморандум келісіміне сәйкес болашақта университет бітіруші түлектерді “ Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығына іс-тәжірибемен алмасу және де болашақ педагог мамандарды жұмыспен қамту , басқа да ортақ іс-шаралар аясында шешім қабылданды.
Кездесуді қорытындылай келе, Жарқынай Биболатовна өз алғысын білдіріп, екіжакты дамудың маңыздылығын атап өтті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner