
Жан-жақты даму сабағы. Спорттық ойындар
Орталығымыздың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шабденов Ербол Ізбасарұлы 10 "а" сыныбында "Жан-жақты даму сабағы. Спорттық ойындар" ашық сабақ өткізді.
|
Бөлім |
10.6-бөлім. Команда ойындарында бірлескен ойын |
||||
|
Педагогтың аты-жөні |
Шабденов Ербол Ізбасарұлы |
||||
|
Күні |
14.02.2025ж |
||||
|
Сынып 10А |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жан-жақты даму сабағы. Спорттық ойындар |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын бағалау |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||||
|
Бағалау критерииі |
Баскетбол жаттығуларын орындау барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды Баскетбол ойыны кезінде оқушылар дағдыларын пайдаланады. |
||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Басы 10 мин |
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақ барысын түсіндіру. Орында бұрылу жаттығулары. Саптағы жаттығулар. Жүру,орташа қалыпта жүгіру,алаңның оң жағынан сол жағына қарай. 1.Аяқ қолды босата аяқ ұшымен жеңіл жүру. 2.Аяқты алға түзу лақтыра жүгіре жүру. 3.Аяқты артқа,қолға жеткізе жүру. 4.Бір аяқтан екінші аяққа секіре,ауысып жүру. 5.Тізені биікке көтере секіре жүру. 6.Жылдамдыққа жарыса жүгіру. 7.Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп,түсіру. Ж.К.Д.Ж. орында 1.Б.Қ. 1-қолды екі жаққа созу 2.-қолды жоғары 3.- қолды екі жаққа 4.-Б.Қ. 2.Б.Қ.Қолды желкеге,аяқ иық көлемінде. 1-2 тұлғаны бұру ,солға 3-4 оңға 3.Б.Қ. Аяқ иық көлемінде 1-алға ұмтылу 2-артқа 3-солға 4-оңға 4. Б.Қ.Н.Т. 1-алға еңкею 2-қолды жоғары соза 3-жүрелей отыру,қолды алға соза 4-Б.Қ. 5.Б.Қ.Аяқты иықтан кейін қою. «Диірмен» жаттығуын орындау 6.Б. Қ 1-2 тізені бүге алға ұмтылу 3-4-180 қа бұрылу 7.Б.Қ.Н.Т. 1-тіреле отыру 2-аяқты соза жүрелеу 3-отыру 4-Б.Қ. 8.Секіру 1.2.3 ,-жоғары 4 - бұрылу 360 Қатарға тұру 1,2,3 - ке санап, топқа бөліну. |
Бастапқы қалыпта тұру. -Бас, мойын, иық, кеуде жатт. -Бел, тізе, аяққа жатт.
|
Қол шапалақ
|
Көңілді әуен қосып қою.
|
|
|
Ортасы
6 мин
10 мин
12 мин |
1.Ж. Допты жерге тигізбе (әдісі) Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім белгі берген соң, олар бір-біріне пас береді, бірақ доп жерге түспеуі керек. Кім допты түсірсе, сол ойыннан шығады.
2.Т. Кластер (әдісі) Әр-түрлі спорт ережелері туралы 3 топқа постер 1-топ: Баскетбол ойынының ережесі 2-топ: Футбол ойынының ережесі 3-топ: Волейбол ойынының ережесі
1-топ: Баскетбол ойынының ережесі Команда құрамы: Әр командада 5 ойыншыдан болады. Ойын уақыты: Әдетте 4 кезеңнен (әрқайсысы 10-12 минут) тұрады. Допты жүргізу: Ойыншылар допты қолмен алып жүріп немесе серіппемен (дриблинг) жүргізеді. Шабуыл уақыты: Командаға шабуыл жасауға 24 секунд беріледі. Доп себетке түскенде: Үш ұпай сызығынан ішке лақтырса – 2 ұпай. Үш ұпай сызығынан тыс лақтырса – 3 ұпай. Айып добын орындаса – 1 ұпай. Ережебұзушылықтар: Қадам жасау (доппен жүгіру). Допты екі қолмен ұстаған соң қайта дриблинг жасау. Қарсыласқа дөрекі әрекет жасау (фол). 5 фол жинаған ойыншы ойыннан шығарылады. ________________________________________ 2-топ: Футбол ойынының ережесі Команда құрамы: Әр командада 11 ойыншы (1 қақпашы + 10 ойыншы) болады. Ойын уақыты: 90 минут (2 тайм, әрқайсысы 45 минут). Допты ойнау: Қолмен ойнауға болмайды (қақпашыдан басқа). Допты аяқпен, баспен немесе денемен тоқтатуға болады. Гол салу: Қарсылас қақпасына доп енгізу – 1 гол. Ойыннан тыс қалу (офсайд): Егер шабуылшы қорғаушылардан алда болып, доп қабылдаса – офсайд болады. Жазалау: Сары карточка: Ескерту. Қызыл карточка: Ойыншы алаңнан шығарылады. Фолдар: Қарсыласқа дөрекі ойнау, қолмен ұстау, аяқпен шалу. ________________________________________ 3-топ: Волейбол ойынының ережесі Команда құрамы: Әр командада 6 ойыншы болады. Ойын уақыты: 3 немесе 5 партияға дейін ойнайды. Әр партия 25 ұпайға дейін жалғасады (соңғысы 15 ұпай). Допты беру: Әр команда допқа 3 реттен көп тимеуі керек (соның ішінде қабылдау, пас және шабуыл). Қызмет көрсету: Ойын допты алаңның артынан беру арқылы басталады. Ұпай алу: Егер доп қарсылас алаңына түссе немесе қарсылас ереже бұзса, ұпай беріледі. Ережебұзушылықтар: Торды ұстау. Бір ойыншы допқа қатарынан екі рет тиюі. Алаңның шекарасынан шығып кету.
«Кім шапшаң» ойыны 1-кезеңде командалар баскетбол добымен кедергілер арасымен жерге соғу арқылы мәре сызығына барып қайтады. 2-кезеңде қатысушылар жұп-жұбымен тұрып бір-біріне допты пас беру арқылы мәре сызығына барып қайтады. 3-кезеңде қатысушылар бір-бірінің артына саппен тұрып, допты келесі ойыншыға жоғарғы жағымен беру арқылы мәре сызығына жету керек. |
Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім белгі берген кезде, бір-біріне пас береді, бірақ доп жерге түспеуі керек. Кім допты түсірсе, сол ойыннан шығады.
Алдарына берілген постерге сурет немесе жазбаша түрде, берілген тапсырма бойынша өз постерларын қорғайды.
1-кезеңде оқушы баскетбол добымен кедергілер арасымен жерге соғу арқылы мәре сызығына барып қайтады. 2-кезеңде оқушы жұп-жұбымен тұрып бір-біріне допты пас беру арқылы мәре сызығына барып қайтады. 3-кезеңде оқушы бір-бірінің артына саппен тұрып, допты келесі ойыншыға жоғарғы жағымен беру арқылы мәре сызығына жету керек. |
Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «Бас бармақ» әдісі – оқушылар өздерінің немесе сыныптастарының орындау сапасын бас бармақ арқылы көрсетеді (жоғары – жақсы, көлденең – орташа, төмен – жақсарту керек).
|
Ысқырық, секундамер, баскетбол доптары
Постер, маркер, қалам
Баскетбол добы, кегли
|
|
|
Сабақтың соңы 2 мин
|
Рефлексия «Нысана»
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. |
|
Рефлексия парағы |
|











.png)