ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП КЕШКЕН АУДАНДАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК.

            Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын халқымыз су тасқынының зардабын жұмыла жеңбек.  Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы жағдайларға байланысты "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығы сол аймақтардың оқушыларын қабылдаған болатын. Балалардың 21 күндік демалысында спорттық және сауықтыру іс-шаралары жоспарланған болатын. 

             Сонымен қатар Алматы қаласының білім басқармасының, Медеу және Бостандық аудандарының білім бөлімі басшыларының бастамасымен тасқын судан зардап шеккен отбасылардың балаларына гуманитарлық көмек көрсетті. Оқушыларға спорттық киім мен аяқ киімдер және оқу құралдары табысталды. Мұндай көмек әр ауысым сайын жалғаспақ.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner