«Әлемге балалар көзімен» сүйіспеншілік пен қамқорлық акциясы» атты 2023 жылғы 1- ауысымның ашылу салтанаты өтті. Ауысым балалардың ішкі – жан дүниесін түсіне отырып, жан– жақты қырынан танып білуге тәрбиелеп, әлеуметтік маңызды және жеке тартымды іс– шаралар жасап, балалардың құзіреттілігін дамытуға ықпал ету мақсатын көздейді.  Орталыққа келген барлық балаларды, шығармашылыққа баулу арқылы қызықты да көңілді жағдай тудырып, жеке  тұлғаны өзін- өзі бағалап, төзімділік пен мейірімділікке үйретіп, патриоттық сезімін нығайта түседі. Ауысымға балалар үйінің, аз қамтылған отбасылардың, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының балалары, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, белсенділері келіп қатысуда.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner