Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян.

Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің тіл биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.

Балдәуренде осы тіл тақырыбын негіз нысанаға алып, жаңа ауысымын бастады. Ауысым қатысушыларының тіл біліміне деген қызығушылықтарын оята отырып, тіл ғылымын құрметтеуге, жанашыр болуға баулу, лингвистикалық дүниетанымын дамыту мақсатында «Til – uaqyt beinesi»  жас лингвистер жиыны» атты 2022 жылғы 12- ауысымының салтанатты ашылу салтанаты өтті. Іс-шарада ауысым президенті болып, 62,3%-бен Түркістан облысынан келген Қасымбек Бауыржан сайланды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner