
«Менің таңдауым...» республикалық мамандықтар жәрмеңкесі» атты 2022 жылғы 13 – ауысымның ашылу салтанаты өтті. Бұл ауысым мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасауды мақсат етті. Ауысымға ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеңімпаздары, мектеп белсенділері, оқу озаттары келді. Ал, 13-ауысым президенті болып, 6 топ демалушысы Боранбай Әйгерім сайланды.










.png)