
«MediaCampFest» медиа шығармашылық фестивалі» атты 2022 жылғы 14-ауысымның жабылу салтанаты болып өтті. Ауысымға Мектептердегі жас журналистер, тілшілер үйірмелерінің қатысушылары, жас блогерлер, мектеп белсенділері келіп демалды. Ауысым журналистика мен блогерлік саласының тарихымен іс- шаралар ұйымдастыру барысында танысу, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың танымдық қызыушылығын арттыру мақсатын көздейді.