«Патриотымын мен елдің» Академия күніне орай патриоттар мен мектеп парламенті көшбасшыларының бас қосуы» атты 2-ауысымның жабылу салтанаты өтті. Ауысымның басты мақсаты - балаларды азаматтылық пен отаншылдық, парасаттылық пен адалдық қасиеттеріне баулу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Ауысымға мектеп парламентінің, мектептің өзін-өзі басқару органдарының, шығармашылық топтардың белсенділері қатысты.

Бағдарлама аясында Балдәурендіктерге:  «Мен – патриотпын» пікірталас сайысы, «Балдәурен білгірі» зияткерлік  ойыны,  «Dostyq.Adaldyq.Baldáýren.» көлеңкелі театр байқауы;  «Sport TIME» спорттық-инеллектуалдық ойыны;  «Tarih tagylymy» тарих пәндері бойынша I республикалық олимпиадасы; «Патриот болу - арманым»   Қазақстандық жас патриоттар Академиясы мүшелерімен тікелей эфирі; «Отаным – бақыт ордасы» патриоттық әндер байқауы; «Мұзбалақ ақын-Мұқағали» Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына орай мерекелік кеші; «Қазақстандық жас патриоттар Академиясына – 7 жыл!» мерекелік концерті ұйымдастырылды. Бұл ауысым оқушылар үшін қызықты өтті деген сенімдеміз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner