2022 жылдың 1- ауысымы «Жүректен жүрекке» сүйіспеншілік пен қайырымдылық челленджі тақырыбында өз жалғасын табуда. Ауысымның мақсаты рухани және адамгершілік құндылықтарына негізделген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру үшін табысқа жету жағдайын жасау, қайырымдылық шараларының дәстүрлерін қолдау.

          Ауысым барысында әр түрлі зияткерлік ойындар, түрлі байқаулар, спорттық іс-шаралар, танымдық кештер, қызықты ойындар, түрлі қойылымдар, қызығушылық үйірмелер спорттық-танымдық маршруттар  жоспарға сай жүргізілуде. Атап айтып кететін болсақ, «Жақсылық жасайық» топ визиткасын қорғау кеші, «Жалынды Жастар» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші, «Ауысым дарабозы», зияткерлік ойындары,  туған күн иелерін құттықтау кеші, дәстүрлі түрдегі ауысымның ашылу салтанаты өтті. Бұл жоспарланып өтіп жатқан шаралар балалардың интллектуалдық, әлеуметтік дамуына үлесін қосып, олардың уақытша ұжым жағдайында топпен жұмыс жасай білу қабілеттерін қалыптастырады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner