2023 ЖЫЛҒЫ 14-АУЫСЫМНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

"Көшбасшылар уақыты" көшбасшылар мен мектеп парламенті мүшелерінің бас қосуы атты 14-ауысымның жабылу салатанаты өткізілді. Ауысым барысында өз өнерлерімен көзге түсіп, жан-жақты іс-шараларға белсене қатысқан оқушылармен, "Өзін-өзі басқару" ұйымына мүшелік еткен сонымен қатар "Жастар рухы" Жастар Қанатының ұйымдастыруымен Іле өзені бойындағы тарихи-мәдени ескерткіш "Тамғалы-Тас" туристік-аймағының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында "Таза LIKE" акциясына қатысықан оқушылар марапатталды. Іс-шараны қолдауға кешен басшысы Жарқынай Биболатовна мен "Жастар Рухы" Жастар Қанатының Алматы облыстық филиалының төрағасы Әсел Баһадүрқызы қатысты. 14-ауысым осымен өз мәресіне жетіп, кезекті "Балдәурендік" демалушыларды шығарып салды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner