
2023 ЖЫЛҒЫ 14-АУЫСЫМ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРМЕН ТАНЫСУ КЕШІ.
«Өзін-өзі басқару ұйымы» кезекті ауысым президентіне үміткерлермен таныстыру кеші өткізілді. Бұл жолы ауысымға қатысушылар әр аймақтан келген көшбасшылар мен мектеп парламенті мүшелері.
Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымының 20 күндік демалыс уақытындағы мақсаттары:
- Балалардың ұйымдастырушылық қабілеттері дамыту;
- Ойлау қабілеттері дамып, жаңа бастамаларға ұмытылдыру;
- Орталық ішінде өткізілетін барлық іс – шараларға белсенді қатыстыру, балалар мен орталық қызметкерлері арасындағы байланыс орнату;
«Көшбасшылар уақыты» атты ауысымда «Балдәурен» орталығына демалуға келген оқушыларды орталық ережесімен таныстырып, іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін «Hobby groups» қызығушылықтар үйірмесімен тығыз байланыстар орнату. Аз уақыт арасында бір-бірімен тығыз достық қарым-қатынас орнату үшін қызықты ойындар мен сұхбат-әңгімелер ұйымдастыру.







.png)