ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ “БАЛДӘУРЕН” ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ “ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ ҚАДАМ” ЖАС ФИЗИК, МАТЕМАТИК, ИНФОРМАТИКТЕР ЖИЫНЫ АТТЫ 2023 ЖЫЛҒЫ 15-АУЫСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ. 

2023 жылғы

«Цифрлық әлемге қадам» жас физик, математик,

информатиктер жиыны атты

15 – ауысымның

ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

(12.11.-01.12.2023 ж.)

 

Цифрлық әлем-бұл біз өмір сүріп жатқан қазіргі дәуірді сипаттайтын термин. Бұл компьютерлер, смартфондар, интернет және басқа электрондық құрылғылар сияқты цифрлық технологиялар біздің өміріміздің барлық аспектілерінде өте маңызды рөл атқаратын уақытты білдіреді.

Цифрлы әлем-бұл интернет ақпаратынан жасалған параллель ғалам. Киберкеңістікке өте ұқсас, айырмашылығы - адамдар компьютерді пайдаланудың орнына цифрлық әлемге физикалық түрде ене алады.

Цифрлы дәуір өміріміздің сан-алуан бөлігіне енуде, еніп қана қоймай өмірімізге өзінің ережелерін әкелуде. Бұл дегеніміз цифрландырудың мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, жалпы жаһандық экономика үшін ерекше маңызы бар сала екендігін дәлелдейді. 

"Цифрлық әлем" тіркесі бүкіләлемдік ғаламтор құрылғанға дейін электротехника саласындағы зерттеулерде қолданылған . Ол бастапқыда аналогтық электронды құрылғылармен салыстырғанда сандық электронды құрылғылардың басым болуын сипаттау үшін қолданылған. Сандық әлемдегі білімге қатысты мақалалар 1990 жылдары кең таралды.

Елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру.

Екінші бағыт – көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру.

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.

Цифрлық әлем-бұл цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған дәуірдің белгісі, біздің өмір сүру, жұмыс істеу және бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау тәсіліне қатты әсер етеді. Бұл әрқайсымыз үшін жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтарды ашады және бұл ұғымды түсіну бізге күнделікті өмірде цифрлық технологияның барлық артықшылықтарын жақсырақ бейімдеуге және пайдалануға көмектеседі.

Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында да жыл сайын, түрлі тақырыпта  жас физик, математик, информатиктер жиыны өтіп тұрады.

Биылғы 2023 жылдың қараша айының 12-сі мен желтоқсан айының 1-і күндері аралығында «Цифрлық әлемге қадам» жас физик, математик, информатиктер жиыны атты 15 -ші  ауысым өткізіледі.

Ауысым қатысушылары: Математика, физика және информатика бойынша республикалық, облыстық, қалалық ғылыми жұмыстар конкурстары мен олимпиадалардың жеңімпаздары.

Ауысымның мақсаты Ауысым қатысушыларының математика, физика және информатика пәндері бойынша жан-жақты дамыта отырып ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

- ауысым қатысушыларының математика, физика, информатика пәндері бойынша білімін арттыру;

  •  
  •  

 

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

 

  1.  «Кеш жарық, достар!» қызықты танысу кеші;
  2.  «Білім кемесінде» мектеп презентациясы;
  3.  «Hobby groups» презентациясы;
  4.  «Біріксек біз алынбайтын қамалмыз» бекет бойынша Team Building;
  5.  2023 жылғы 15-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  6.  2023 жылғы 15-ауысымның ашылу салтанаты;
  7. «Достығымыз жарассын!» топ визиткасын қорғау кеші;
  8. «Сахнада ЖАСТАР!» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  9. «Цифрлық әлемге қадам» үш пәндік олимпиада;
  10.  «Ұлттық ойындар» челленджі;
  11.  «Олимп шыңы» СМ ашылуы және жабылуы;
  12.  «Маска» музыкалық-шоу байқауы;
  13.  «Info белгі» бекет бойынша ойыны;
  14.  «Insta vibe» бекет бойынша ойыны;
  15.  «Dance time» би байқауы;
  16.  «Birthday party» туған күн иелеріне арналған концерт;
  17.  «Сана.Болжа.Тап» зияткерлік ойыны;
  18.  «Цифрлық әлемге қадам» ақыл-ой сайысы;
  19.  «Bal.business» экономикалық ойыны;
  20.  «Балдәурен жүрегі-Жастар» Жастар ПО туған күніне арналған мерекелік концерт;
  21.  2023 жылдың 15 - ауысымының  жабылу салтанаты;
  22.  «Қош бол, Балдәурен!» гала-концерт.        

 

Алдағы уақытта балдәурендіктер біздің орталықтан алған білім және өнер тәжірибиелерін, өздерінің қала, ауыл, мектептерінде қолданып, еркін елдің ерікті ұрпақтары болып қалыптасуға үлкен көмегін береді деген сенімдеміз.

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner