
2023 ЖЫЛҒЫ 16-АУЫСЫМ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРМЕН ТАНЫСУ
"Балдәурен" орталығындағы өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың ауысымды басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары спорт, әлеуметтік жұмыс, мәдени, жауапкершілікті арттыруға, тұтынушылық қатынас жоюға негізделген. Ұйым құрамындағы әрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында біз оқушылардың мүдделерін қорғап, ойларын ескереміз. Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін- өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланыста. Бұл бағытта аянбай еңбектеніп, үнемі жаңашылдыққа ұмтыламыз деп уәде береміз! 16-ауысым қатысушылары арасында қалыптасқан дәстүр бойынша ауысым президентін сайлау жүргізілді. Үміткерлермен танысу екі кезеңнен құралды. Бірінші кезең өзінің позициясын таныстыру, екінші кезең сұрақтарға жауап беру. Ауысым президентін сайла жалпы орталық қатысушылар бойынша жүзеге асырылды.







.png)