2023  жылғы  16 - ауысымның жабылу салтанаты

                2023 жылдың қорытынды 16-ауысымы өз мәресіне жетті. Осы ауысым "Жаңа жыл - Жаңа тарих" тақырыбында шығармашыл жастардың басын қосты. Ауысым барысында өздерінің өнерлерімен және де белсенділіктерімен көзге түскен оқушылар,  "Өзін-өзі басқару" ұйымына мүшелік еткен қатысушылар кешен басшысының мадақтау грамотасымен  марапатталды. "Шолпан", "Еркеназ" би ансамблдерінің жетекшілеріне алғыс жарияланды. 2019 жылы құрылған Қазақстандық "Елжанды - патриот" жас патриоттар академиясына мүшелікке Шарапиденова Адия, Әліп Аяулым, Шахзада Алуа, Мейірбек Ұлнара, Жақұл Аминат, Болат Майя, Нурмахан Жайна, Сембекова Қуаныш, Негметолла Фариза, Ерболат Нұрсұлтан ұсынылып, медалдарын алды. 

         


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner