
2024 ЖЫЛДЫ4 6-АУЫСЫМЫНЫ4 ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ
21 күнге созылған 2024 жылдың 6- ауысым да өз мәресіне жетті. "Қазақстанның күші халық бірлігінде" достардың кездесу кеші" атты ауысымның жабылу салтанаты өтті. Балалардың арман аралы – «Балдәурен» бүгінде әр баланың өмірінен өз еншісін алып та үлгерді. Ауысым бойы түрлі танымдық-зияткерлік ойындар, қызыққа толы іс-шаралар, ұмытылмас кештер болып өтті. Ауысымның жабылу салтанатында 20 күн бойы топ ішінен белсенділігін көрсетіп, озат болған достарымыз марапатталды. Топ белсенділерімен қатар, «Балдәуреннің» алдыңғы қатарлы көшбасшылары ретінде өзін-өзі басқару ұйымы да жұмыс атқарған болатын, сол ұйымның мүшелері де алғыс хатпен марапатталды. Өз Отанының патриоты бола білген, ел мерейін үстем қылар балаларға арналған «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» құрамына лайықты деп танылған балаларымыз анықталып, ұйым мүшесі болып қабылданып, марапатталды.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)







.png)