2024 ЖЫЛҒЫ 3-АУЫСЫМНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

              2024 жылғы "Қорғаушы - мақтанарлық атақ!" атты 3 - ауысымның жабылу салтанаты өз деңгейінде өткізілді. 21 күн бойы қаттысушыларға керемет көңіл күй мен естеліктерді сыйлаған "Балдәурен" орталығы ауысым қатысушыларымен қимай қоштасты. 

             Ауысымның жабылу салтанаты қазақтың біртуар қолбасшылары Тұмар ханша, Бауыржан Момышұлы, Әлихан Бөкейханұлы секілді тұлғаларға арналған сахналық қойылыммен басталды. "Жас патриоттар академиясының" туы кіргізіліп, орталықтағы патриот атағын алған оқушылар 21 күндік демалыстары жайлы айтып өтті.

             Ауысымның жабылу салтанатты кешінде 21 күндік демалыс барысында өздерін жан-жақты қырларынан көрсете білген белсенді оқушылар, командирлер марапатталып, алғыс хат иеленді. Кешен басшысы Хаджимуханова Жаркынай Биболатовна "Жас патриоттар академиясына" жаңа үміткерлерді қабылдады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner