2024 жылғы 4 - ауысымның жабылу салтанаты

Міне, 21 күнге созылған 2024 жылдың 4 - ауысым да өз мәресіне жетті. «Мен және әлемдегі менің орным" Республикалық әскери-кәсіби бағдар мектебі атты ауысымның жабылу салтанаты өтті. Балалардың арман аралы – «Балдәурен» бүгінде әр баланың өмірінен өз еншісін алып та үлгерді. Ауысым бойы түрлі танымдық-зияткерлік ойындар, қызыққа толы іс-шаралар, ұмытылмас кештер болып өтті. Ауысымның жабылу салтанатында 21 күн бойы топ ішінен белсенділігін көрсетіп, озат болған достарымыз марапатталды. Топ белсенділерімен қатар, «Балдәуреннің» алдыңғы қатарлы көшбасшылары ретінде өзін-өзі басқару ұйымы да жұмыс атқарған болатын, сол ұйымның мүшелері де алғыс хатпен марапатталды. Өз Отанының патриоты бола білген, ел мерейін үстем қылар балаларға арналған «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» құрамына лайықты деп танылған балаларымыз анықталып, ұйым мүшесі болып қабылданып, марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner