
2024 ЖЫЛҒЫ 7-АУЫСЫМЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
Ауысымның ашылу салтанаты - әр ауысымда дәстүрлі түрде өткізілетін ресми іс-шара. Ашылу салтанатының ерекшелігі – орталыққа келген балалар алғашқы 3 күнде Балдәуренге үйреніп, заңдар мен ережелер түсіндіріліп, орталық қызметкерлерімен танысып, үйреніп кеткеннен кейін ресми түрде балдәурендік атанатын болады. Ашылу салтанаты барысында кеш ауысым тақырыбына сай кішігірім қойылыммен басталды. 7-ауысым спорттық ауысымы болғаннан кейін қойылым мәні де спорттық іс-шаралар мен олимп алауын жағу болды. Демалушыларды кешен басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамбыл Айбек Ардақұлы құттықтап, демалыстарының сәтті өтуін тілеп, 7-ауысым командирі болған Маңғыстау облысынан келген 8-топ демалушысы Жаңабай Жасұлан марапаттады. Ауысым жоспар-кестеге сай қызықты шаралармен, қамқорлық пен жақсылық нұрына бөлеп балалар есінде қалады деген үміттеміз.



















.png)