
2024 ЖЫЛҒЫ 7-АУЫСЫМ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ "БАЛДӘУРЕН" РОСО КОМАНДИРЛЕРІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСУ
Әр ауысым сайын дәстүрлі түрде ауысымға келген балалар арасынан ең белсенді деген балалар іріктеліп алынып «Өзін-өзі басқару ұйымы» құрылады. Ұйым құрылымы бойынша: взвод командирллерінен тұрады. Ұйымның мақсаты: балалар демалысын қызықты өтуіне ықпал жасай отырып, балалардың тәртібіне, тыныштықты, тазалықты сақтауына көмектесу. Осы ауысымдағы үміткерлер өте белсенді, алғыр, білімді болды. Ұйымға топтың ішінен белсенділігі және алғырлығын көрсете алған балалар іріктелініп алынды. Үміткерлермен танысу кешінде үміткерлер өздерін таныстырып, ауысым барысындағы жоспарларымен таныстырып өтті. Танысу аяқталғаннан кейін жасырын түрде дауысы беру болды. Дауыс беруші балалар өз тобындағы үміткерге дауыс бере алмайды. Ең көп дауыс жинаған үміткер "Балдәурен" командирі, қалған үміткерлер взвод командирлері болып танылады.











.png)