
2024 жылғы 11-ауысымның жабылу салтанаты
Міне, 21 күнге созылған күз мезгілінің алғашқы ауысымы «Ел ертеңі – жастар» пікірталас қозғалысы қатысушыларының жиыны» атты 11 ауысымы өз мәресіне жетті. Жас Балдәурендік достарымыздың демалыстары қызыққа толы, әрі есте қалардай өткеніне сеніміміз мол. Ауысым барысында өзінің ұйымшылдығымен, белсенділігімен көзге түскен оқушыларымыз «Қазақстанның жас патриоттар Академиясына» қабылданды. 20 күн бойы ұйымдастырушы-ұстаздарымызға көмегін беріп, оқушылардың демалыстарының сапалы өтуіне атсалысқан «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті мен министрлеріне айтар алғысымыз шексіз.







.png)