2024 ЖЫЛДЫҢ 5-АУЫСЫМЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

           Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу – сауықтыру орталығы «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» Республикалық жас жол инспекторлар байқауы» атты 2024 жылғы 5- ауысымы салтанатты түрде ашылды. Әр ауысым өзінің жаңашылдығымен және естен кетпейтін әсер қалдыра білетін іс-шараларымен ерекшеленеді. Ауысым барысында спорттық және шығармашылыққа толы байқаулар алдағы 21 күнге жоспарланған. Сонымен қатар орталығымызға келген оқушылардың патриоттық сезімдерін нығайту барысында 32363 және 58012 әскери бөлімдеріне саяхат жасалып, оқу-практикалық жаттығуларынан өткізіледі.

           Ауысым тақырыбына сай  жол қауіпсіздігін байланысты сахналық көріністер мен зияткерлік ойындар ұйымдастырылып, балалар көңілді демалып қана қоймай, танымдық сабақ алады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner