
2024 ЖЫЛҒЫ 1-АУЫСЫМ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРМЕН ТАНЫСУ
Орталықтағы өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың ауысым барысында өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары спорт, мәдени, жауапкершілікті арттыруға негізделген. Ұйым құрамындағы әрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында біз оқушылардың мүдделерін қорғап, ойларын ескереміз. Ауысым өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін- өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланыста. Бұл бағытта аянбай еңбектеніп, үнемі жаңашылдыққа ұмтыламыз!







.png)