2024 жылғы 6-ауысым Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО командирлігіне үміткерлермен танысу

              Орталықтағы балалар өнерлі, қолдарынан көп зат келетін белсенді болып келеді. Сол балалардың арасынан ең белсенді, тапқыр, зерек балалар таңдалып "Балдәурен" РОСО командирлерінен "Өзін-өзі басқару" ұйымы құрылады.  Ұйымның мақсаты балалар демалысының қызықты өтуіне ықпал жасай отырып, балалар тәртібін, тыныштықты, тазалық сақтауға және ұйымдастырушы- ұстаздарға көмектесу. Таңдалған үміткерлер өте белсенді, алғыр, білімді, тәртіпті болды. Ұйымға топтың ішінен белсенділігі және алғырлығын көрсете алған балалар іріктелініп алынды. Дауыс беру алдында үміткерлермен өздерінің ауысым барысындағы жоспарларымен таныстырып өтті. Танысу аяқталғаннан кейін жасырын түрде дауыс беру болады. Дауыс беруші балалар өз тобындағы үміткерге дауыс бере алмайды. Ауысым көлемінде сайланған командирлер өз взводтарының тәртібіне және олардың іс-шараларға қатысуын қадағалайды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner