2024 ЖЫЛДЫҢ 2-АУЫСЫМЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ


Ауысымның ашылу салтанаты әр ауысымда дәстүрлі түрде өткізілетін ресми іс-шара. Ауысым жас көшбасшылар мен еріктілерге арналғандықтан салтанатты ашылуы рәсімі  сахналандырылған әдемі  қойылыммен басталып, құттықтау сөз Қонаев қаласы «Балдәурен» РОСО кешен 
басшысы Хаджимуханова Жаркынай Биболатовнаға берілді. Жарқынай Биболатовна балдәурендіктерді ауысымның ашылуымен  құттықтап, ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан - жақты болып қалыптасуына тілек білдірді. Әдеттегідей салтанатты жиында 2 ауысым президенті сайланды. Дауыс жинау қорытындысы бойынша 9 - топ қатысушысы  Бекмұхамбетова Айым Рүстемқызы  ауысым Президенті  атанды.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner