32363 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНЕ САЯХАТ

         "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының 6-ауысым қатысушылары 32363 әскери бөлімінедегі ашық есік күніне қатысып қайтты. Іс-шара барысында әскери техникаларды оқушыларға таныстырылып, олардың қызметі жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар әскер қару-жарақ түрлері, әскери киім үлгілері көрсетілді. Әскери бөлімге келген оқушылар әскери қызметшілердің қызметімен және күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысып, әскери бөлімнің тарихы мен десантшылардың даңқты дәстүрлері туралы білді. 

          Алдағы уақыттарда әскери бөлімге орталығымыздың қатысушылары оқу-жаттығуларына қатысатын болады. Олар парашютпен секірудің техникалары туралы базалық білім алады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner