Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 11-сәуір мен 30-сәуір аралығында «Туған күніңмен, BALSHAHAR!» шығармашылық ауысымы» атты 5-ауысымның ашылу салтанатын өткізді. Ауысымға жас вокалистер, музыканттар, би ансамбльдері, заманауи және дәстүрлі би студияларының мүшелері қатысуда. Ауысымның мақсаты: жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мұраны қастерлеуге, өнерге баулу, эстетикалық ұстанымды қалыптастыру.

Ауысым барысында: «Туған күніңмен, BALSHAHAR!» топ визиткасын қорғау кеші, «Жалынды Жастар» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші, «Балдәурен-көпұлтты» спорттық – зияткерлік сайысы, «Вusiness city» экономикалық ойыны, «Bari keldi» ток-шоуы, «Туған күніңмен, Балдәурен» Қонаев қ. Балдәурен 6 жылдық мерейтойына арналған әндер байқауы, «Адами құндылықтарды дәріптеу алаңы» даналық сабағы, «Олимп шыңы» спорт мерекесі, Creative space «Ел іші – өнер кеніші!» жұптық шығармашылық байқауы,  «Балдәуреннің үнімен» дыбыстық оркестр байқауы, «Ауысым дарабозы» интеллектуалдық ойыны, «Ұлттық билер - 2023» би байқауы және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілетін болады. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner