
58012 Әскери бөлімге саяхат
Инженерлік әскерлер 1993 жылы 21 қаңтарда республика аумағында орналасқан инженерлік құрамалар мен бөлімдер негізінде құрылды. Негізгі міндеті – бөгеттер салып, көпірлер орнату, мина алаңдарынан өту жолын төсеп, әскерлер үшін қозғалыс бағытын дайындау. Одан бөлек, жарылыс қаупі бар оқ-дәрілерді табу және залалсыздандыру.
Қонаев қаласындағы 58012 әскери бөлім "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының демалушы оқушыларына ашық есік күнін ұйымдастырды. Оқушылар әскери бөлімнің жұмысымен танысып, олардың көрсеткен техникалары мен қару-жарақтарымен танысты. 4-күнге белгіленген оқу-жаттығу іс-шаралары осы бөлім аумағында өткізіледі. Оқушылар соңғы күні сынақ тапсырып, нәтижелерімен бөліседі.












.png)